Қарттар күні – құрмет пен ізеттілік мерекесі!

Previous Next
«Адал азамат» біртұтас тәрбие жобасы аясында, 2025–2026 оқу жылына арналған «Әжелер мектебі» өз жұмысын бастады. Осыған орай, Қарттар күніне арналған алғашқы кездесуде қадірлі әжелеріміз Родничок бөбекжай-бақшасына келіп, бүлдіршіндеріміздің дайындаған шағын концертін тамашалады. Балалар өз өнерлерін паш етіп, жүрек жарды тілектерін арнапөз қолдарымен жасаған сыйлықтарын тарту етті. Әжелеріміз балғын балалардың ықыласына ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін айтып, ерекше көңіл-күймен қайтты. Қарттарымыз аман болсын, ұрпақ тәрбиесіндегі алтын көпір болып, әрқашан ортамызда жүре берсін.
 
 
 
 

Пайдалы ресурстар