Медициналық сүйемелдеу

           «Родничок» бөбекжай – бақшасы МКҚК сауықтыру жұмысы.
      Қазіргі таңда ең маңызды және жаһандық мәселеленің бірі - баланың денсаулық жағдайы болып табылады. Баланың толыққанды физикалық дамуы мен денсаулығы – тұлға дамуының негізі.
   Сондықтан тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау және салауатты өмір салты мен жеке гигиенаның негізін қалыптастыру - біздің  бақшамыздың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Бөбекжай-бақшаның сауықтыру жұмысының ең негізгі мақсаты   - жеке тұлғаның базалық мәдениетінің негізін қалыптастыру, жас және жеке ерекшелігіне сай психикалық, физикалық  жан – жақты дамуы үшін МДҰ қабырғасында қолайлы жағдайлар жасау.
   Осы мақсатта біздермен, яғни медицина қызметкерлерімен баланың денсаулығын нығайтуға және сырқаттанушылықты төмендетуге  бағытталған жоспар ойластырылған. Оның тиімділігі мен жүзеге асырылуы үшін алдын – алу және эпидемияға қарсы іс – шаралар ұйымдастырылады. Балалардың  денсаулығы мен дамуын бақылау мен алдын – алу жұмыстары негізгі бағдар болып табылады. Баланы сауықтару жұмыстары баланың әр түрлі денсаулық деңгейі және жеке қөзқарас принципі бойынша жүзеге асырылады. Әр жастағы топтар үшін сауықтыру және шынықтыру іс – шаралары әзірленген, атап айтсақ:
 
Балабақшада балалардың денсаулығын шыңдауға ерекше көңіл бөлінеді, атап айтсақ:
 
 
  • Ұйықыдан кейінгі жаттығу 1656045566 8 kartinkof club p kartinki s nadpisyu nazhmi na menya 10
 
  • Ұйықтар алдында тұзды ерітіндімен тамақты шаю 1656045566 8 kartinkof club p kartinki s nadpisyu nazhmi na menya 10
 
  • Денсаулық жолымен жалаңаяқ жүру 1656045566 8 kartinkof club p kartinki s nadpisyu nazhmi na menya 10
 
  • Судың температурасын 1 градуска төмендетіп шынтаққа дейін жуыну 1656045566 8 kartinkof club p kartinki s nadpisyu nazhmi na menya 10
 
  • Шынықтырудың Риж әдісі (тұзды ванналар) 1656045566 8 kartinkof club p kartinki s nadpisyu nazhmi na menya 10

 

    Сауықтыру жұмысын ұйымдастырғанда оң нәтижеге жету үшін бірқатар ережелер мен қағидаларды сақтау міндетті.  Тітіркендіргіш фактордың организмге әсері біртіндеп болуы керек. Бұл принцип бала организмі үлкен қарсыласуға ие болмағандықтан өте маңызды. Сондықтан шынықтыру қатаң доза тітіркендіргіштерді біртіну күшейту орнатылғанда ғана жақсы нәтижеге жеткізеді. Барлық шынықтыру шаралары жыл бойы өткізіледі.

Пайдалы ресурстар